Индонезияда саяхатшылар үшін жаңа COVID-19 тесті енгізіледі

Индонезия 1 сәуірден бастап ішкі саяхат үшін жолаушыларды тексерудің жаңа нұсқасын енгізеді.

Ол – Гаджа Мада университеті жасап шығарған GeNose тыныс алу арқылы алынатын тест, деп хабарлады ATOR.

Жаңа тест кем дегенде 93 процент дәлдікпен адам шығарған ауада коронавирустың бар-жоғын көрсетеді. Мамандардың айтуынша, ол адам ағзасындағы вирусты жұқтырғаннан кейін 48 сағаттан соң анықтауға қабілетті. Барлық тестілеу процесі үш минут уақытты алады.

Әзірге бұл тест халықаралық деңгейде қолданылмайды.