Чилиде ковидтен өлім-жітім артты

Чилиде өлім-жітім көбейді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны күніне 7 мыңнан асқан.

Бұл індет басталғалы тіркелген жоғары көрсеткіштердің бірі. Ауруханалардың жансақтау бөлімдеріне түскен бірнеше науқас көз жұмды. Қайтыс болып жатқандардың көптігінен мәйітханалар мен жерлеу қызметінің жұмысы қиындаған. Билік марқұмдарды жатқызатын орын таппай, қосымша контейнерлер қоюға тура келді. Негізі бұл елде карантиндік шектеу шаралары енгізілген. Сондай-ақ халықтың 40 проценті вакцина алып үлгірген. Бірақ мамандар тұрғындар сақтық талаптарын толық ұстанып жүрген жоқ деп алаңдаулы.

Георг Хубнер, Вальпараисо қаласы бойынша денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Ауруханаларға адамдар көптеп түсе бастады. Іште орын жетіспегендіктен сыртқа контейнерлер қоюға мәжбүр болдық. Жерлеуде қарбаластық күшейді. Мамандар мәйіттерді қабылдап үлгірмей жатыр. 

Раул Делгадилло, ауруханалар одағының президенті:

- Соңғы аптада өлім-жітім көбейді. Бір күнде 4-5 науқастан айырылып қалдық. Мұндай сұмдық бұған дейін болмаған еді.

Сондай-ақ...