Мексикада жалған вакцина жасаған топтар анықталды

Мексикада есірткі саудасымен айналысатын топтар коронавирусқа қарсы жалған вакцина жасауға кіріскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз табыс көзінен айырылған қаскөйлердің назары енді екпеге ауып отыр. Елдің 4 бірдей қаласында препаратты қолдан жасайтын зертхана анықталған. Ал, жақында елдің оңтүстік-шығысындағы өнеркәсіптік кәсіпорынның мыңнан аса қызметкеріне жалған екпе салынғаны белгілі болды. Жалпы Мексикада пандемияға дейін де жалған препараттар саудасы қызып тұрған.