Испанияда маска тағу режимі қатаңдатылды

Испанияда маска тағу режимі бүгіннен бастап қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік тұрғындарға бетпердені көшеде, жағажайда тіпті бассейнде де тағуды міндеттеді. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтыққа да баса мән берілетін болады. Санитарлық талаптар 6 жастан асқандардың барлығына да қатысты. Ал, респираторлық аурулары бар азаматтар масқа тағудан босатылды. Таза ауада жаттығу жасауға да рұқсат берілді.

Естеріңізге салайық, тауяда Испанияда коменданттық сағат енгізіліп, 4 адамнан артық топтасуға тыйым салынған еді.

Сондай-ақ...