АҚШ-та көші-қон дағдарысы ушығып барады

Биыл билікке келген Джо Байден әкімшілігі экс-президенттің енгізген бірқатар ережені алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы өзгерістерден кейін Мексикадан мигранттар ағыла бастаған. Арасында кәмелеттік жасқа толмаған балалар көп. Жеткіншектерді қосымша жасақталған орталықтарға, уақытша лагерьлерге орналастырылып жатыр. Қазір шекарадан күніне 5 мыңға жуық адам өтуде. Олардың көбі заңсыз жолмен келген.