Германия үкіметі AstraZeneca вакцинасын қолдануды тоқтатты

Германияда AstraZeneca вакцинасы жасы 60-тан асқандарға ғана салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған.

Өйткені бұл жас тобында екпеден кейін асқынулар байқалмайды. Ал, соған қарамастан, 60-қа әлі толмаған тұрғындар препаратты салдырамын десе міндетті түрде дәрігердің рұқсаты қажет. Ел үкіметі бұл вакцинаны қолдануды тоқтатқан. Өйткені препаратты салдырғаннан кейін тромб пайда болады деген ақпарат тарады.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

- Әрине, бұл шешім вакциналау науқанына әсер етпей қоймайды. AstraZeneca компаниясының екпесін қолданудан кейін тромбоздың 31 дерегі анықталды. Өкінішке қарай, солардың тоғызы қайғылы оқиғамен аяқталды.