Түркия провинцияларында COVID-19-дың мутацияға ұшыраған түрлері табылып жатыр

Түркияда індет күн өткен сайын ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күнде 37 мың жан вирус жұқтырған. Тағы 154 науқас бір күнде көз жұмды. Бұндай көрсеткіш эпидемия басталғалы тіркелмеген еді. Вирустың мутацияға ұшыраған түрлері барлық провинцияларда табылған. Жалпы пандемия басталғалы елде 30 мыңнан астам вирустың құрбаны болды.

Мерве Изчи, жергілікті тұрғын:

- Өте сақ болуымыз керек. Өйткені мутацияға ұшыраған вирус біз ойлағаннан да қауіпті болуы мүмкін. Соңғы кездері халық босаңсып, арқаны кеңге сала бастады. Көріп тұрғандарыңыздай, көшеде адамдар көп шоғырлануда. Қоғамдық көліктер де жолаушыларға лық толы. Ал, әлеуметтік арақашықтық жайында айтпаса да түсінікті.