Қытайда cоңғы екі айда алғаш рет коронавирусты жұқтыру дерегі анықталды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Жуйли қаласында халықты коронавирусқа жаппай тестілей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен бір тәулікте мұнда COVID-19 дертін жұқтырған 9 адам анықталды. Алғашқы науқасты ауруға осал топтарды тексеру барысында тапқан. Науқастармен қатынаста болған 300-дей адам дәрігерлік бақылауға алынды. 200 мыңнан астам тұрғыны бар Жуйли қаласы Мьянмамен шекаралас аймақта орналасқан. Былтыр қыркүйек айында да мұнда COVID-19 ауруы тараған болатын. Айта кетер бір жайт, соңғы екі айда Қытайда алғаш рет коронавирусты жұқтыру дерегі анықталып отыр.

Сондай-ақ...