Сирияға 6,5 млрд доллар гуманитарлық көмек көрсетіледі

Халықаралық донорлар Сирияға алты жарым миллиард долларға жуық гуманитарлық көмек көрсетпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражат Сириядағы халықтың ең осал топтары мен Түркия, Ливан және Иорданиядағы босқындарды қолдауға бағытталады. Бүгінде араб республикасы мен аймақтағы елдерде шамамен 24 миллион адам көмекке мұқтаж. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 4 миллионға өскен.

Янез Ленарчич, Дағдарысты басқару жөніндегі Еуропалық комиссар:

- Халықаралық донорлар тарапынан Сирияға бөлген гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 6,4 миллиард АҚШ доллар болды. Оның ішінде биыл 4,4 миллиард доллар грант түрінде, ал 2022 жылы 2 миллиард бөлінеді. Сонымен қатар халықаралық қаржы институттары 7 млрд доллар мөлшерінде жеңілдетілген несиелер туралы жариялады.