«Оскар» жүлдесін табыстау рәсімі Еуропада да өтуі мүмкін

Сәуірде өтетін «Оскар» жүлдесін табыстау рәсімі АҚШ-тан бөлек Еуропадағы бірнеше жерде өткізілуі мүмкін, деп жазды Hollywood Reporter.

Салтанатты рәсімді Париждегі және Лондондағы қосымша екі орында да өткізу туралы шешім ұйымдастырушылар іс-шараға Zoom арқылы қатысуға тыйым салғаннан кейін қабылданды. Дегенмен ұйымдастырушылар қатысушыларды мүмкіндігінше Лос-Анджелеске келуге шақыруда. АҚШ-қа барған үміткерлер он күндік карантиннен өтуі керек.

Марапаттау рәсімі кезінде залда бірдей уақытта номинанттар жиналмайды: қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді.

«Оскар» иегерлері 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby театрында белгілі болады.

Сондай-ақ...