Германияда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын жаңа фабрика ашылды

Мұнда BioNTech и Pfizer вакцинасын өндіреді.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, Марбургтегі кәсіпорын жылына екпенің бір миллиард данасын шығара алады. 250 миллионын маусым айының аяғына дейін өндіру көзделіп отыр. Бұл елде вакциналау қарқынын үдетуге мүмкіндік береді. Ал әзірше Германия жоспардан әлдеқайда артта келеді. Қазір халықтың 5% вакциналанды. Яғни екі екпе 4 миллионнан астам адамға салынған. Елде 4 препаратты қолдануға рұқсат етілді. Бұл – BioNTech и Pfizer, Moderna, Vaxzevria және Johnson & Johnson. Соңғы компания маусым айының соңына дейін Германияға вакцинаның 10 миллион данасын жеткізуге тиіс. 

Валеска Шилинг, Biontech компаниясының менеджері:

– Небәрі бес айдың ішінде өндірісімізді жаңадан жабдықтадық. Аптасына жеті күн бойы күні-түні жұмыс істеп келеміз. Ұжымымыз осындай қысқа мерзімде тіркеу алғанын мақтан тұтады. РНК технологиясына негізделген вакцинамыз осы фабрикада өндіріледі. Өлшеп оралғаннан кейін ол бірден екпе орталықтарына жеткізіледі.