427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда медицина қызметкерлері бас көтерді

  • 123
Грекияда медицина қызметкерлері бас көтерді

Афинадағы ақ халаттылар әбден ашынған сыңайлы.

Олар жансақтау бөлімдерін көбірек ашуды және мамандар қатарын арттыруды талап етті. Соңғы күндері бұл елде 5 мың адамға дейін коронавирус жұқтырып, ауруханалар толып қалған. Мұндай жоғары көрсеткіш ақырғы рет өткен жылдың желтоқсан айында болған еді. Жалпы мұнда 1 жарым миллионнан астам грекиялық вакцина салдырған.

Анна Калури, COVID-19 ауруханасының медбикесі:

– Аурухана басшылығы біздің жанайқайымызға мүлде құлақ аспайды. Біз қорғаудың тиімді шараларын, сондай-ақ жансақтау бөлмелерінен көбірек орын ашылғанын талап етеміз. Індет алғаш басталғанда демалыссыз істеген жұмысымыз үшін бізге көп қолдау көрсетілетін, ал қазір ешқандай көңіл бөлінбейді.

Хабар 24 телеарнасы