433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте азиялық азаматқа шабуыл жасалды

  • 76
  • UPD: 21:46, 31.03.2021
Нью-Йоркте азиялық азаматқа шабуыл жасалды

Белгісіз ер адам егде әйелді күндіз көшеде аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаскүнемнің бұл әрекеті бейнекамераларға түсіп қалған. Зорлық-зомбылықты күзетшілер де көрген, бірақ олар араша түспеген. Оқиға орнынан ізін жасырып үлгерген қиянатшыл күдікті әлі қолға түскен жоқ. Қала билігі шабуылды «сұмдық оқиға» деп атады. Таяқ жеген әйел қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атланта қаласында тағы бір ер адам азиялық спа-салондардың қызметші әйелдеріне оқ жаудырып, 8 адам ажал құшқан болатын.

Джо-Анн Ю, Азиялық америкалықтар федерациясының директоры:

– Азиялық америкалықтарды қорғау керек деп талап етуден әбден қажыдым. Жарақат алған әйел қазір ауруханада жатыр. Біздің ұйым оған көмектесуге барын салуда. Бірақ оның тәні айықса да, жанына түскен жара жазылмақ емес. Оған психолог керек. Енді ол бұрығыдай алаңсыз өмір сүре ала ма?! Біз әділдікті талап ете бермекпіз. Бірақ қанша уақыт осылай зар қағуымыз керек?

Хабар 24 телеарнасы