Ресей жануарларға арналған ковидке қарсы вакцинаны тіркеді

Ресейде әлемде алғаш рет жануарларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді.

Препарат «Карнивак-Ков» деп аталады. Вакцинаны Ресейдің Мал дәрігерлік және фито-санитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет ғалымдары жасаған. Екпе осы айдан бастап жаппай өндіріле бастайды. Вакцина өткен жылдың қазанынан бері бірнеше рет сынақтан өткізілген. Тексеріс жұмыстарына мысықтар, иттер, қаракүзендер, түлкілер мен басқа да жануарлар тартылған. Нәтижесінде вакцина салдырғандардың барлығында коронавируске қарсы антиденелер 100 процент деңгейінде пайда болған.

Сондай-ақ...