Алексей Навальный аштық жариялады

Ресейде оппозиционер Александр Навальный аштық жариялады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Айтуынша, қазір денсаулығы әлсіреп, өзін жайсыз сезіне бастаған. Бұған қарамастан медициналық көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Навальный өз жазбасында  дәрігер шақыртып, дәрі-дәрмек сұрағанын айтады. Алайда оның бұл өтініші қабылданбаған көрінеді.

Естеріңізге салайық, Навальныйның қорғаушылары өткен аптадан бері оппозиционердің денсаулығы әлсірей бастағаны жайында ақпарат тарата бастаған. Ал құзырлы органдар болса оның жағдайы тұрақты екенін алға тартады.

Сондай-ақ...