Калифорнияда бизнес кешенде атыс болып, төрт адам қаза тапты

Калифорния штатындағы атыстан төрт адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Оқиға Ориндж қаласындағы бизнес кешенде болған. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, жағдай тұрақталды, халыққа ешқандай қауіп жоқ.

Мәліметтер бойынша, күдікті жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылды, қазіргі жағдайы белгісіз.