Ливияның жағалау күзеті теңіз арқылы жолға шыққан 138 заңсыз мигрантты өлім аузынан аман алып қалды.
Жолаушылардың арасында балалар мен әйелдер бар. Жарақат алғандардың барлығы Триполи қаласына жеткізілді. Бұдан бір күн бұрын да Еуропаға бағыт алған кеме апатқа ұшырап, екі әйел мен 3 бала ажал құшқан. Кеме бортында қалған 77 адам құтқарылды.
Айта кетейік, соңғы кездері Ливия арқылы кәрі құрлыққа табан тіремек болған Африка елдері мен Таяу Шығыстан шыққан босқындардың саны күрт артып кетті.