433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Pfizer-Biontech компаниясы балаларға арналған вакцина шығарды

  • 87
  • UPD: 10:38, 01.04.2021
Pfizer-Biontech компаниясы балаларға арналған вакцина шығарды

«Пфайзер-Байонтек» вакцинасы 12-15 жас аралығындағы жеткіншектер арасында 100 процент тиімділігін көрсетті.

Жақында ғана аяқталған клиникалық сынақтың үшінші кезеңінің нәтижесі осындай. Тәжірибеге 2 жарым мыңға жуық бала қатысқан. Енді АҚШ-та жаңа оқу жылына дейін жеткішектерді вакциналау жұмыстары басталып кетуі мүмкін. Негізі сарапшылар балаларға екпе салу идеясын қолдап отыр. Енді қазір «Пфайзер-Байонтек» компаниялары 6 айдан бастап 11 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен жаңа клиникалық сынақ жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Ричард Чанг, дәрігер:

- Менің 12 жастағы ұлым клиникалық сынаққа қатысты. Балалардың қауіпсіздігі бәрінен де маңызды. Біз қанша жерден оларды қорғағымыз келсе де вирусқа келгенде мүмкіндігіміз шектеулі. Сол себепті педиатр ретінде балалардың екпе алғаны дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы