Коронавирус: ана мен бала өлімі көрсеткіші артқан

Коронавирус пандемиясы ана өлімі мен өлі туған сәбилер санының артуына себеп болған.

Бұл туралы The Lancet медициналық журналында жазылған, деп хабарлайды eadaily.com.

Ғалымдар мұндай байламға пандемияға дейін және пандемиядан кейін ана мен жаңа туған бүлдіршіндердің жағдайын зерттеуге бағытталған сараптамалардың нәтижесінде келген. Одан қалды баланың жатырға бітпеуі, аналардың күйзеліске ұшырау жағдайлары да жиілеген.

Ғалымдар пандемия кезінде өмір сүру деңгейі орташа және төмен мемлекеттерде ауруханаға жатқызу және дәрігерге жоспарсыз қаралу көрсеткіштері де азайғанын алға тартады. Тиісінше ауырсу және өлім көрсеткіштері артқан.