Бразилияда ковидтің жаңа штамы анықталды

Бразилияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Ғалымдар ол вирустың оңтүстік африкалық мутациясына ұқсайтынын айтады. Дегенмен, «бұл бразилиялық штамның өзгерген түрі де болуы мүмкін» деп бас қатырып отыр.

Жұқтыру деректерінің барлығы Сан-Паулу штатында тіркелген. Негізі бұл өңірдегі жағдай күрделі. Ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Жалпы бүкіл ел бойынша эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Кейінгі тәулікте Бразилияда коронавирустан 3780 науқас көз жұмған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен тәуліктік көрсеткіш.

Александр Найм Барбоза, инфекционист:

- Бізде вакциналау қарқынын арттыру керек. Бүгінге дейін екпенің қажетті екі дозасын халықтың шамамен 2 проценті ғана алған. Сондай-ақ жаңа мутацияларға қатысты деректерді де жіті тексеру қажет. Әйтпесе жағдай бұдан бетер ушығуы мүмкін.

Сондай-ақ...