Ауғанстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Ауғанстан әскерінің тікұшағы Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында апатқа ұшырады.

Салдарынан борттағы үш адам қаза тауып, төртеуі жараланған.

Апаттың салдары әлі нақты белгілі болған жоқ. Талибтер шабуыл жасағаны туралы болжам бар.