АҚШ-та пәтерақысын төлей алмағандар ереуілге шықты

Жиналғандардың айтуынша, тұрғындардың көбі нәпақасынан айырылып, пәтерақысын төлей алмай қалған.

Енді жергілікті биліктен федералды көмек мөлшерін арттыруды талап етіп отыр.

Статистикаға сәйкес, құрама штаттарында соңғы бір айдың ішінде шамамен 250 мың адам жалдап жатқан пәтерлерінен қуылған. Олардың қарызы 57 млрд долларға бағаланған. Жалға берушілердің де өкпесі қара қазандай.

Айтуларынша, бір жылдан астам уақыт табыссыз қалған.

Доун Миллер, белсенді:

- Мен өткен жылдың наурыз айынан бері жұмыссыз отырмын. Бір жыл бойы пәтерақыны төлей алмадым. Уақытша төлемеуге рұқсат беруін сұраймыз. Қалтамда көк тиын жоқ. Пандемия аяқталып, жұмыс тапқаннан кейін ғана жағдайымыз тұрақтала бастайды.