Жапониядағы үш аймақта карантин күшейтілді

Жапонияның 3 префектурасында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп.

Биліктің жаңа талаптары сәуірдің 5-і күні заңды күшіне еніп, 31 күнге жалғаспақ.

Айта кетейік, аймақта аурудың құрығына іліккендердің қатары күннен күнге артып жатыр. Қауіпті індет 47 префектураның 34-інде дендеп барады. Науқастардың басым бөлігі коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар. Әсіресе «британдық және бразилиялық штамдар» желше тарауда. Мамандар ахуалдың нашарлауына байланысты дабыл қағып, халықты санитарлық талаптарға немқұрайлы қарамауға шақырады.

Сондай-ақ...