Кубада барлық тұрғынға отандық вакциналар салынады

Куба биылғы жылдың аяғына дейін барлық тұрғындарды вакциналайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда отандық екпе қолданылады. Бұл туралы BioCubaFarma компаниясының өкілдері мәлімдеді. Наурызда мамандар жергілікті 5 препараттың екеуін соңғы рет сынақтан өткізіп, қолдану үшін бекіткен. Вакциналау науқаны қазір ел астанасы Гаванада қарқынды жүргізіліп жатыр. Билік екпені мамырдың аяғына дейін аяқтаймыз деп отыр.

Эдуардо Мартинес, BioCubaFarma компаниясының президенті:

- Біз дайындаған вакциналардың тиімділігі жоғары болады деп сенеміз. Бұған осыған дейін жасалған сынақтардың нәтижесі нақты дәлел бола алады.

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ салған санкциялардың зардабын тартқан Куба отандық биомедицина саласын өз күшімен дамытуға мәжбүр болған. Бұл іс нәтижесіз емес. «Бостандық аралы» респираторлар, өкпені жасанды жолмен желдету құралдары мен ковид-науқастарға қажет басқа заттарды өздері өндіреді. Көршілес Мексика мен Ямайка, сондай-ақ Венесуэла мен Иран кубалық вакциналарға тапсырыс берген.

Сондай-ақ...