Ирак жаңа мұнай кенішін игеруге кірісті

Мұнай өндіру көлемі бойынша әлемде төртінші орынға ие Ирак жаңа мұнай кенішін игеруге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің оңтүстігіндегі Мәжнүн кенішінде 3,3 миллиард тонна «қара алтын» қоры бар. Атқарушы компания сәуір айында 40 бұрғылау қондырғысын әкелмек. Осы мақсатта Ирак үкіметі 1 миллиард 150 миллион доллар болатын бюджеттік жоспарды мақұлдады. Билік алдағы 3 жылда күніне 450 мың баррель мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Қазір елде 130 мың баррель шикізат шығарылады.

Зия Шәкір Мәжнүн, мұнай кенішінің менеджері:

- Бұл стратегия мұнай өндірісі қысқарған уақытта қолға алынып жатыр. Бұл қор жеңіл шикі мұнай түріне жатады. Оның бағасы ауыр шикі мұнайға қарағанда.