430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда жалған концерт соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

  • 60
  • UPD: 08:16, 02.04.2021
Бельгияда жалған концерт соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Бельгия астанасы Брюссельде 1 сәуір – Әзіл-қалжың күніне орай ұйымдастырылған жалған концерт жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұртты тарқату үшін полиция шоқпар, суатқыш пен көз жасаурататын газ қолданған. Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде «Буа де ля Камбр» саябағында концерттік кеш өтеді деген жалған ақпарат тараған. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, аталған кешке 5 мыңнан астам адам жиналды. Ашуға бой алдырған жастар тәртіп сақшыларына тас пен шөлмек лақтыра бастаған. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты жергілікті билік халықтың көптеп жиналуына құрсат бермеген еді. Брюссель прокуратурасы шараны ұйымдастырғандардың барлығы заң жүзінде жауапқа тартылатынын айтып отыр.

Амели, студент:

– Жергілікті билік бізді де түсенсе деймін. Біз саябаққа полицияның ашуына тию үшін келген жоқпыз. Біраз уақыт оқшауланғаннан кейін біз де көңіл көтергіміз келеді.

Заңсыз ұйымдастырылған ереуілден кейін оннан астам адам қамауға алынды. Бірнеше адам жарақат алды. Олардың арасында полиция өкілдері де бар.

Хабар 24 телеарнасы