Венгрияда коронавирустан қайтыс болғандар саны күрт өсті

Бір күнде 302 адам ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 1 миллион адамға шаққанда бір аптада тіркелген әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Елде 1 ай бұрын жаңа локдаун жарияланған болатын. Бірақ шектеу шаралары мен вакциналаудың өзі оң нәтиже бермей отыр. Бұған дейін 2 миллион тұрғын вакцина салдырған. Бұл – республиканың 20 проценті.