Түркияда студенттер Ердоған тағайындаған жаңа ректордың қызметінен кетуін талап етуде

Түркияда осыдан бірнеше ай бұрын басталған студенттердің ереуілі әлі де тыйылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар Босфор университетіне тағайындалған жаңа ректордың қызметінен кетуін талап етті. Бұған дейін жоғары оқу орындарына ректорлар сайлау нәтижесінде тағайындалатын. Ал осы жолы университет басшысын ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі таңдады.

Ашуға бой бергендер қамауда отырған студенттердің босатылуын да талап етті.

Естеріңізге салайық, студенттердің ереуілі қаңтар айында Ыстамбұлда бастау алды. 600-ге жуық адам қамауға алынды.