Соңғы мәліметтер бойынша Тайваньда болған пойыз апатынан 40 адам қаза тапты, 61 адам жарақат алды, деп хабарлады ТАСС.
Бұған дейін Тайваньда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, бір адам көз жұмғаны хабарланған еді.
Оқиға шамамен 9:00-де Хуалянь уезіндегі «Дацин» туннелінде болды. Пойыз 350 жолаушыға арналған сегіз вагоннан құралған. Екінші және үшінші вагондар рельстен шығып кеткен.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, пойыз туннель ішіне кіріп келе жатып, жолдарды тастардан тазартатын техникамен соқтығысқан.