Таиландта саяхатшылар үшін карантин мерзімі өзгерді

Таиланд билігі сәуірдің 1-інен вакцина қабылдаған шетелдік туристер үшін карантин мерзімін қысқартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ережеге сай енді екпе еккен саяхатшы 14 күннің орнына 7 күн ғана карантинде отыратын болады. Ал вакцина қабылдамағандар үшін карантин уақыты 10 күнге дейін қысқарды. Талапқа сай екпе саяхаттаудың алдында соңғы 3 айда егілу керек. Сонымен қатар Таиланд аумағына кірер алдында тесттің теріс нәтижесі болуы шарт. Бұл туралы Таиландтың денсаулқы сақтау министрі хабарлады. Жаңа заң коронавирустың жаңа штамдары ушыққан Африка елдері үшін еш қатысы жоқ.