Туризм қашан жанданады?

Биылғы жылдың соңына дейін туризмнің дамуын Дүниежүзілік туризм ұйымы екі сценарий бойынша болжап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріншісіне сәйкес жазға дейін туристердің белсендігілі былтырмен салыстырғанда 65 процентке артуы мүмкін. Ал 2019 жылмен салыстырғанда 40-45 процентке өсуі ықтимал. Екінші болжамына қарағанда, туризм саласының дамуы күзге қарай ғана қарқын алмақ. Дүниежүзілік сарапшылар бұл үрдіс әлемде вакцинация науқанының бір ізге қойылуына және ковид төлқұжатының қаншалықты қолданысқа енгеніне байланысты болады деп топшылайды.