Түркияның танымал курорттарында жер сілкінді

Қатты жер асты дүмпулері Фетхие, Даламан, Мармарис және Бодрум курорттары орналасқан Мугла провинциясында болды.

Сонымен қатар жер сілкінісінің толқыны Анталия мен Измир курорттарынан да өткен. Эгей мен Мармара теңіздерінің курорттарында да жер асты дүмпулері сезілді.

Жер сілкінісі эпицентрінің тереңдігі 11,8 шақырымды құрады.