Иракта ТГИЛ көшбасшыларының бірі қолға түсті

Лаңкесті қолға түсіру үшін арнайы қызмет тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізген.

Соның арқасында содырлар басып алған туннель мен мотоциклдер жойылды.

Ирактың Қарулы күштері ТГИЛ-дің көшбасшыларының бірі «Жолбарыс әмірін» қолға түсірген. Бұл туралы генерал-лейтенант Яхья Расул (Yehia Rasool) өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Әскерилер лаңкестің мекенжайын анықтап, сол жерге шабуыл ұйымдастырған.

«Лаңкестікке қарсы күрес қызметіндегі батыр азаматтардың арқасында «Жолбарыс әмірін» қолға түсірдік», – деп жазды ол.