Бангладеште өрттен үш адам қаза тапты

Бангладеште рохинджа босқындары орналасқан лагерьдің жанындағы базарда өрт шығып, 3 адам ажал құшты.

Қайғылы оқиға елдің оңтүстігінде болған. Бұдан басқа тілсіз жау 20-дан астам сауда орнын күлге айналдырған.

Жергілікті билік таратқан ақпарат бойынша өрт таңсәріде басталған. Бұл кезде мигранттар шырт ұйқыда жатқан. Өрт сөндірушілер отты 3 сағаттан кейін ғана әрең ауыздықтаған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Анесул Мустафа, босқын:

- Біз осында келгенде мына жердің бәрі күлге айналған. Өртті сөндіруге бірінші болып жергілікті тұрғындар жетіп келді, өрт сөндірушілер кейін келді. Жұмысшыларымыз көз жұмды. Олар от шыққанда базарда болған.