Чили шекарасы жабылады

Чилиде шекара 30 күнге жабылады. Себебі елде коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өскен.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Шекарадағы шектеулер 5 сәуірде күшіне енеді. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік азаматтардың барыс-келісіне тек төтенше жағдайда ғана рұқсат етілмек.

Айта кетейік, Чилиде соңғы бір күннің ішінде 8 мыңға жуық адам ковидке шалдыққан. Бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жалпы Чилиде 1 миллионнан астам тұрғын коронавируспен ауырып, 23 мыңнан астамы көз жұмған.

Карлос Перес, Сан-Себастьян университетінің профессоры:

- Өкпені жасанды желдету құралдарын қолдану бойынша науқастар саны рекордты деңгейге жетті. Мұндай көрсеткіш тарихта бұрын-соңды болған емес. Еліміздің басына күн туды. Өте қиын жағдайдамыз.