Лондонда коронавирус құрбандарының рухына 150 мың жүректің суреті бейнеленді

Лондонда коронавирус құрбандарының рухына арналған 150 мың жүректің суреті пайда болды.

Картиналар Ұлыбритания парламентіне қарсы қабырғаға салынған. Белсенділердің айтуынша, марқұмдарды еске алуға бағышталған әлі мыңдаған жүрек бейнеленеді. Сөйтіп, өзгеше галерея Сент-Томас ауруханасына дейін жетуі мүмкін.

Идея авторлары «биліктің індетпен күрес шаралары қоғамда ашық талқылануы тиіс» деп есептейді.