Египетте перғауындар мумиясы жаңа музейге көшіріледі

Қазір мамандар ерекше операцияға жан-жақты қызу дайындық жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Египеттің Ұлттық өркениет музейіне бас-аяғы 20-дан астам перғауынның бальзамдалған мәйіті жеткізіледі. Ұйымдастырушылар сайт арқылы тікелей эфирде көрсетілетін көшіру рәсімі 1 сағатқа жетпей аяқталуы тиіс», - дейді. Жаңа музей бүгін ашылады.

Захи Хавас, мысыртанушы:

- Мумияларды көшіру рәсімі арқылы біз Египеттің қауіпсіз ел екенін әлемге паш еткіміз келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдардың бізге ағылып келгенін қалаймыз. COVID-19 түкке тұрғысыз нәрсе. Каир бұрынғыдай құпия мен ғажайыпқа толы. Мумиялар тылсым әлемге бастайды.

Сондай-ақ...