Францияда AstraZeneca вакцинасын алған екі адам трамбоздан қайтыс болды

Францияда AstraZeneca вакцинасын қабылдаған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықталғандай, олар екпеден кейін пайда болған қан ұюдан көз жұмған. Бұл туралы Дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық агенттіктің сайтында хабарланды. Аталған ведомствоның мәліметіне сәйкес, өткен аптада AstraZeneca өнімін салдырған 3 адамнан қан ұю дерегі анықталған. Олардың екеуі өлім-жітіммен аяқталған. Жалпы Францияда халықты жаппай вакциналау науқаны басталғалы бері трамбоздың 12 дерегі тіркелген.