Өткен тәулікте Алматыда 7 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қоғамдық иммунитет қалыптастыру процесі бүгін де жалғасады. Мегаполисте кез келген азамат өз еркімен вакцина салдыра алады. Бұдан былай қалаға ай сайын ковидке қарсы екпенің 250 мың дозасы жеткізіледі. Ай соңына дейін ірі сауда орындарында вакциналаудың 250 бекеті ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта тұрғындар аудандық аурухана мен Республика сарайында екпе ала алады.