430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда AstraZeneca вакцинасын алған 7 адам тромбоздан көз жұмды

  • 95
  • UPD: 20:26, 03.04.2021
Британияда AstraZeneca вакцинасын алған 7 адам тромбоздан көз жұмды

Ұлыбританияда AstraZeneca вакцинасын алған 7 адам тромбоздан көз жұмды.

Бұл туралы корольдіктің Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бақылау басқармасы хабарлады. Қолда бар ақпар бойынша, бүгінге дейін британ жерінде AstraZeneca препаратын қабылдаған 30 азаматтан қанның ұю дерегі анықталған. Ал дәл осы өнімді салдырғандар саны 18 миллионнан асады.

Айта кетейік, бүгін Францияда да дәл осындай жағдай болды. Екпе алғаннан соң екі азаматта тромб пайда болып, көп ұзамай көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы