430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асты

  • 115
  • UPD: 22:04, 03.04.2021
Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асты

Ал вирус жұқтырғандар қатары 4 жарым миллионға жеткен. Қауіпті инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб осындай дерек келтірді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей басшысы Владимир Путин елде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет жаздың соңына қарай қалыптасуы мүмкін екенін айтқан еді. Сол кезде шектеу шараларының көбі алынатынын да жеткізді. Алайда бұл болжам орындалу үшін халықты вакциналау қарқыны бәсеңдемеу керек дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы