АҚШ-та әрбір бесінші адамға вакцина салынды

Американың әр бесінші тұрғыны коронавируске қарсы вакцинаны толық алып үлгірген. Бұл туралы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, екпе қабылдаған азаматтар «Пфайзер мен Байонтек» және «Модерна» өнімдерінің екі дозасын немесе «Джонсон энд Джонсон» компаниясы ұсынған бір реттік препаратты қабылдаған. Өз кезегінде «Вашингтон Пост» газеті 101 миллионнан астам американдықтың екпенің бір данасын салдырғанын жазды. Бұл Құрама Штаттар халқының шамамен үштен бір бөлігі. Вакциналау әлі де белсенді жүруде.

Сондай-ақ...