Зағип жан сот арқылы «Uber» такси қызметінен миллион доллар алатын болды

Ирвинг есімді Сан-Франциско тұрғыны жүргізушілер тарапынан болған кемсітушілік үшін «Юбер» такси қызметінен миллион доллардан астам өтемақы алатын болды.

Айтуынша, көзі көрмейтіні үшін такси қызметкерлері оны қалаған жеріне жеткізіп салудан бас тартқан. Мұндай жағдай бас-аяғы 14 мәрте қайталаныпты. Кейде таксистер тіпті тіл тигізіп, жарты жолда тастап кеткен кездер де болған екен. Соның салдарынан ол жұмысқа жиі кешігіп, ақырында қызметінен босатылған көрінеді. Бірақ сот отырысында «Юбер» өкілдері болған жайтқа компанияның жауапты емес екенін айтып, ақталуға тырысқан. Алайда сот жәбірленуші тарапты қолдап, оған қомақты өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.