Токиодан ұшқан жолаушы ұшағы Красноярскке апатты жағдайда қонды

Токиодан Франкфуртке бет алған жолаушылар ұшағы Красноярск қаласына апатты жағдайда қонды.

All Nippon Airways компаниясының «Боинг-787» лайнерімен болған бұл оқиғаны Красноярск әуежайының баспасөз қызметі растады.

Апатты жағдайда қону кезінде ешкім жараланған жоқ.

Оқыс оқиғаның себебі анықталуда.

RT

Аударған: Г.Абилова