429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египет 22 перғауынның мумиясын музейге сән-салтанатпен көшірді

  • 99
  • UPD: 13:38, 04.04.2021
Египет 22 перғауынның мумиясын музейге сән-салтанатпен көшірді

Египетте 22 перғауынның мумиясын жаңа музейге тасымалдау рәсімі болды. Рәсім бар сән-салтанатымен өтті.

Ежелгі билеушілердің бальзамдалған денелері жуырда ғана құрылысы аяқталған Ұлттық музейге жеткізілді. Салтанатты шеруді ежелгі мысыр киімін киген салт аттылар бастап жүрді. Оларды музей алдында ел президенті Ас-Сисидің өзі күтіп алды. Билік өкілдері Египет өркениетіне арналған жаңа нысан туризм саласын жандандыруға септігін тигізеді деп үміттенеді.

Айта кетейік, аталған экспонаттар көпшілік назарына сәуірдің 18-інде ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы