430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың шығысында ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

  • 81
  • UPD: 19:20, 04.04.2021
Қытайдың шығысында ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты фото: iz.ru

Қытайдың шығысында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, 11 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеп жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, апат түнгі сағат 1:00 шамасында Цзянсу провинциясындағы (Шығыс Қытай) Шэньян – Хайкоу тасжолында болған.

Жүк көлігі қоршауларды бұзып өтіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Соның салдарынан автобус аударылып қалды. Артынша екі жүк көлігі соқтығысты.

Оқиға салдарынан 11 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.

Апат кезінде жүк көлігі тиелмеген.

Жол-көлік оқиғасының себебін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы