АҚШ-тың Флорида штатында төтенше жағдай жарияланды

Оған резервуарда сақтаулы тұрған қауіпті химикаттардың шығып кетуі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты 300-ден астам отбасы шұғыл түрде қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Өйткені тозығы жеткен резервуарлар миллиондаған куб метр улы заттың қысымына төзбей жақын маңдағы елді мекендерді басып кете ме деген қауіп бар. Бұған қоса, қауіпті сұйықтық Тампа шығанағына құйылып кетуі де мүмкін екен. «Бұл экологиялық апатқа әкеледі», - дейді мамандар.

Сондай-ақ...