Грекияда коронавирус жұқтырғандар саны 275 мыңнан асты

Грекияда бір тәулікте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1955 адамға жетті.

Ал жаңа жағдайлардың жалпы саны 275 414-ке жетті.

Бұл туралы елдің Ұлттық денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды.

Елде коронавирус инфекциясынан 8380 адам көз жұмды.