Британияда COVID-төлқұжаттар сыналады

Ұлыбритания ел азаматтарының ковидке қарсы вакцина алғанын растайтын арнайы төлқұжаттарды сынақтан өткізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пилоттық режимде ол музыкалық фестивальдерде, сауық кештері мен кинотеатрларда қолданысқа енгізіледі. Бұдан бөлек, бұл төлқұжаттар Англия Кубогы аясында өтетін жартылай финал мен финал ойындары кезінде қолданылады. Жоспар бойынша тестілеу мамырдың ортасына аяқталуы тиіс. Осылайша, британ билігі шектеу шараларын алып тастау жолдарын қарастырып жатыр.