Джо Байден AstraZeneca компаниясына вакцина өндіруді тоқтатуды тапсырды

Джо Байден әкімшілігі Балтимор қаласындағы AstraZeneca компаниясына вакцина өндіруді тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі сонда жұмыс істейтін қызметкердің қателігінен вакцинаның 15 миллион дозасы бүлініп қалған. Негізі бұл зауытта AstraZeneca өнімімен бірге Johnson & Johnson препараты да жасалады. Сөйтіп, аталған жұмысшы осы екі дәрінің құрамын араластырып жіберіпті. Дегенмен, зауыт елдегі вакциналау науқанының қарқынын үдете түсу үшін Johnson & Johnson препарат өндіруді әрі қарай жалғастыра бермек. Ал AstraZeneca басшылығы жаңа өндіріс алаңын іздеуге мәжбүр. 

Сондай-ақ...